автор: Душаканова Шахназа Казбековна

ЗКУ им.М.Утемисова

Диалогтық оқыту

Душаканова Ш.К. — М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Орал қаласы

                                                      Диалогтық оқыту

Білім беру саласының басты тұлғасы — ұстаз.

«Ұстаз….жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайды, ешнәрсені ұмытпайтын….алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…., мейлінше шешен, өнер білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне…. жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»,-деп айтқан Әл-Фараби.

Мектептегі сабақ беру әдістемесіндегі диалогтік оқытудың маңызы үлкен. Диалог — ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әр түрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, қатынастар бағыттардың өзара байланысты жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді. Сабақ барысында оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасында жүргізілген диалог оқушылардыңқызығушылығын, танымын арттырады.Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде айтып кеткендей, диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатыны атап көрсетті. Выготскийдың білім беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдаған, демек оқушылардың көбірек білетін сыныптастарын мен мұғалімдермен жүргізілген диалог болған жағдайда ғана, білім беру жеңіл болады. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болғанымен, жақын арада даму аймағы аясында қарастырылғандықтан білім беру табысты болмақ деп көрсетті. [1,38-бет]

Диалог дегеніміз — өзіне және өзгеге деген қарым-қатынасты  қалыптастыру. Диалог бүгінгі таңда білім алуға, заманауи болуда ерекше қызмет атқарады. Диалог шын мәнінде оқушылардың бір-бірімен сұхбаттасуынан немесе оқушы мен мұғалім арасындағы пікір мен ой қорытындысын жүйелеу мен дамытуының көмектесуіне арналған амал. Бұл әдіс оқушының ой өрісін дамытумен қатар жан-жақтылыққа, өз ойын еркін әрі нақты жеткізуіне мүмкіндік жасайды.

Бұл сабақтың тиімділігі — сабақта диалогтік оқытуды жүргізу барысында мынадай ерекшеліктерді байқауға болады оқушыларымыз сол сабақты талдайды, шешіле сөйлейді, ізденіс үстінде сұрақ қою арқылы білім алады.

Сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлкен үлес қосады. Білім беру мен оқытудың әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесімен байланысты. Осы жағдаяттарды ескере келе, әр сабақта диалогтік оқытудың маңызы оқушыларым үшін пәнге деген қызығушылықтарын одан әрі арттырады себебі осы тәсіл арқылы оқушыларымыз өз ойын еркін жеткізе алады. Диалогтік оқыту оқушылар арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына ықпал етеді. Сыныпта өз ойларын еркін жеткізе де алмайтын үндемей отыратын оқушылар да өздерін бірте-бірте аша бастайды.

Диалогтік оқыту – ұжымдық түсінуді қалыптастыру мақсатында оқушылардың сындарлы қарым-қатынас жасауына ықпал ететін оқыту. Ал сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалануын қамтамасыз ету. Мен өз тәжірибемде диалогтық оқыту әдісін қолдана отырып мынандай жетістіктерге қол жеткіздім:

— оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік болды;

— басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектесті;

— оқушылардың сыни ойланып, пікір алмасып, бір-бірін тыңдай білуіне жол салды;

— мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектесті. [2]

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында мемлекеттік саясат негізінде әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы-жеке адамның дарындылығын таныту»,-деп көрсеткен. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарда білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және шығармашылық қабілетін дамыту мәселелері айқындалып, басым міндеттер қатарына қойылған. [3]

«Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың білім деңгейін көтеруге, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру»,-деп түсіндірді К.Д.Ушинский.

Сабақ беруге және оқыту бағдарламасы барынша барлық мақсаттарға сай және қызықты амалдарды дамыта отырып игерген білім оқытылып жатқан оқушы жадына тез қонымды, түсінікті болады. Сол кезде сабақ барысында кері байланыс болып жатса мұғалім еңбегінің зая кетпегендігін көрсетеді.

Выготский когнетиві дамудың оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе жағдайда жақсаратының атап көрсетті. Диалог барыында оқушылар нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер еібектрінде сипаттағандарына байланысты, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасуоқушылармен диалог құру арқылы жүзеге асады.

Диалогтік оқыту модулі бір жағынан қызықты болса, екінші жағынан барлық мән-жайын түсінуді қажет ететін модульдердің бірі. Оқу үрдісінде оқушылардың барлығы белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін белсенді оқыту әдістерін кеңінен қолдану керек. Мысалы: рөлдік ойындар, дебат, постер т.б.. Бұл әдістер сыныптағы барлық оқушыларды әрекетке тартып, ұжымда жұмыс жасауға үйретіп, тілдік қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді. Осы орайда кейбір ұстанымдарға сүйену маңызды болып табылады.

Олар: оның оқи, жаза білу, дауыстап айтуы, естіп, көзімен көруі, қабылдауы, қайтадан айтып беруі т.б. оқушылардың есінде ұзақ сақталады. Оқушылар сабақта жауап беруде дәлелдемелерді ауызша баяндап, талдау кезінде жіберген қателерін өзара әрекетпен түзетеді, іскерлік өзара әрекет дағдылары дамиды. Диалогтік оқыту барысында оқушылар өздері айтқан мәлімет пен жолдастары бөліскен материалды ұзақ еске сақтап қалатындарын көрсетеді.

Дайын білімді беру оңай, ал оқушыны ізденуге үйрету қиынырақ, ізденіс барысында түйінді мәселелерді бекітуде сыни ойлауды, өз қызметіне сынмен қарауды үйрету қажет. Адамдардың білім алуы жайлы болуы үшін жауапты реакция мен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек. [4]

Бұрынғы дәстүрлі әдістерде диалог көбіне мұғалім мен оқушы арасында өтіледі және бірнеше ғана оқушы арасында диалог өтілетін, онда да диалогқа оқушыларды таңдап шығарылатын, сондықтан  оқушылар ашылып ойындағысын нақты сұрай алмай, тұйықталып қалатын. Ал курстан кейін  сабақтарымда жұптық жұмыс ретінде алынған диалог топ ішіндегі барлық оқушы мен оқушы арасында өтіп, оны топ ішінде талқылап отыру оқушының ойын кеңейтіп, тілін дамытып отырды.  Сонымен қатар сыни тұрғыда еркін  ойлау қабілетін кеңейте отырып, еркін сөйлеуге ықпал етеді. Курста оқып келген мұғалімдердің сабағына қатыстым. Олардың оқушыларға диалог құрған кезде қандай жұмыс жасап жатқанын көргім келді. Сол мақсатпен сабақтарына қатысқанымда менде кездесетін проблема оларда да кездесіп жатқандығы байқалды. Сабақтан кейін бәріміз бірлесе отырып, сабағымызды талдау барысында диалогты оқытуды жақсарту үшін не істеуіміз керек деген сұраққа сабағымызда күнделікті диалогты пайдалану арқылы және баланы сабақта да, сабақтан тыс кезінде сөйлескен кезде де сыни тұрғыда ойлауына ықпал ететіндей сұрақтар қойып отыру керек деген ойға келіп тоқтадық.

Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады.

Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар:

Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне, түсіндіруіне мүмкіндік береді;

Басқа адамдарда түрлі ойлардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;

Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;

Мұғалімдерге оқушыларға білім беру барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі. [5, 38-39 б.]

Баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасына байланысты. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді. Сабақ үстінде оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындауы мүмкін, осы жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуі тиіс. Бағдарламаның 7 модульінің мәнмәтіні негізінде «Сабақ беру мен оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдануда «диалогтік оқыту» тәсілін басшылыққа алдым. Себебі, шетел тілін оқытудың басты мақсаты – оқытушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту.

Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Оқушылар сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік алады. Өзара талқылау арқылы түрлі ойлар болады, сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысады. Диалогтік тәсіл оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектеседі.

Барнс пен Мерсер зерттеушілік әңгіме – мұғалімнің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде өзара дамыту қажет болып табылатын әңгіменің бір түрі деп көрсеткен. Александер (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Диалог түрінде оқыту Бахтин (1981), Мерсер (2005), Велс (1999) және Вуд (1998) жұмыстарында бейнеленген. Александердің пайымдауынша, диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда «салауатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады. Оқушыларға әртүрлі және кеңейтілген сыныпта жүргізілген диалогтерге қатысу мүмкіндіктері берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Бұл мүмкіндіктер олардың тілді білімді құру құралы ретінде қолданудың жаңа тәсілдерін тәжірибесінен өткізуіне жол ашады (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 39бет).

Қорыта келгенде, оқушылардың тақырыпты білетін-білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-қатынас, тілдік дағдыларының болуы шарт. Әңгімелесудің көмегімен мұғалім оқушылардың оқу үдерісін қолдайды және дамытады. Сыныпта диалогті пайдалану арқылы мұғалімдер оқушылардың білім сапасына әсер ете алады. Сыныпта оқушылардың ой бөлісуі, пікірлесуі, әңгімелесуі диалогтік оқыту әдістері негізінде жүзеге асырылады.Сонымен қатар, тіл үйретуде ең басты міндет-оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру. Оқушылар тілдің грамматикасын білу арқылы бір-бірімен сөйлесуді, сұрақ қоюды үйренеді, ал сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылар көру қабілеттерін ойлау қабілеттермен ұштастыра дамытады, өз ойын айту әдісі, ойлану арқылы өз ойын ауызша жүйелі айтып береді және оқушы оқытушымен өзара кері байланысқа түсе алады.[6]

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ғаламтор сайты www.u-s.kz//Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 2012 жыл
  2. Ғаламтор сайты https://bilim-all.kz/jospar/4681-Dialogtik-oqytudyn-sabaq-uderisindegi-tiimdiligi
  3. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарда білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.
  4. Ғаламтор сайты https://kitaphana.kz/ru/2016-02-01-09-14-20/5982-ermenova.html
  5. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012 жыл

6.Ғаламтор сайты http://oqu-zaman.kz/?p=17526

Диалогтық оқыту. Душаканова Шахназа Казбековна

Следите за новостями в соцсетях

Вконтакте MAX Телеграм Одноклассники

А также подписывайтесь на канал Научно-образовательный вестник «Pedproject.Moscow» в MAX