День учителя

автор: Бауыржан Жашиков Муратбекулы

Преподаватель дисциплины «Экология и устойчивое развитие» Восточно-Казахстанская область, КГП НА ПХВ «УСТЬ-КАМЕНОГОРСКИЙ ВЫСШИЙ МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

Медицина и экология

Тақырып қою шеберлігі. 

Сұрақтар:

1.Тақырып қоюдағы қысқалық пен өткірлік.

2.Тақырыпқа қойылатын талаптар.

Тақырып қоя білу де өнер. Тақырып – бүкіл мәтіннің жаны. Тақырып – жазған туындының ең керемет жетістігі.

Әдеби немесе публицистикалық мәтіндерді оқымас бұрын, ең бірінші назар аударатын дүние – тақырып. Тақырып оқырманды өзіне тартып, жұтынып тұрса, міндетті түрде оқылады. Өйткені тақырып – тұтас мәтінде айтылатын ойдың кілті. Ал ол кілт сіздің қолыңызға түссе, мәтіннің құлпын ашуға талпынасыз. 

Тақырып қою үшін алдымен жазғыңыз келген мәтіннің жүйесін, мәнін, оқырманға айтқыңыз келгенін талдап алуыңыз керек. Ал аталған ұғымдар ретін тапса, тақырып қоюға дайын. Қазіргі таңда газеттер мен журналдардың орнын электронды басылымдар алмастырып жатыр. Бұл – қоғамның таңдауы. Сайт беттеріндегі тақырып пен мәтіннің сәйкес келмеуі белең алып бара жатқанын да жасыра алмаймыз. 

Оқырман тартуға талпынған тілшілер тақырыптың құнын да түсіріп жүр. Мәселен сізді тартып, өзіне еліте алған тақырып мәтініне мүлде сәйкес келмейді. Бастысы, тақырып арқылы сол кеңістікке кіргеніңіз ғана маңызды. 

 

Тақырып қояр кезде ескеру қажет жайттар:

– Оның құндылығы жоғары, ойы мәнді болу керек; 

 – Оқырманды тарта алуы және мәтіні соған лайық болуы да міндетті; 

– Астарлы немесе тым күрделі болмағаны абзал; 

– Тақырып аллитерация не ассонанс арқылы жазылуы міндетті емес. Бастысы, мәтіннің негізгі ойын ашу; 

– Жеңіл ұғымға ұрынбау. Автор ретінде тақырыппен бірге өзіңіздің де құныңыз төмендеп кетуі бек мүмкін; 

– Тақырып қысқа әрі нұсқа болғаны жақсы. 

– Тақырып таңдай білу – үлкен өнер.

 

Қандай жағдай болмасын, тақырып мәтінмен етене байланыста болуы керек. Өйткені мәтінде айтқыңыз келген ойдың жиынтығын тақырыпқа сыйғызу керек. Ал оқырман мәтінге енгеннен кейін тақырып атауын тура мағынасында да, астарлы мәнінде де бірте-бірте ұғына түсуі тиіс. 

Электрондық басылым беттерінің деңгей үшін, рейтинг үшін жұмыс істеуі «тақырып» сөзінің қадірін кетірді. Болмағанды болдыру, жоқ нәрсені бар қылу тақырыптың қызметі емес. Ол тек адамның назарын аударуға арналған тәсіл ғана. Ал тақырыптың жүгі сіз ойлағаннан әлдеқайда ауыр. 

Тақырыптың «тақырыпқа» сай болғаны авторға да, туындысына да жақсы. Атыңыз шықпай жатқан күннің өзінде, жер өртеме. Бір қателік мың тағдырдың ойын да, түсінігін де өзгертеді. Жазу – ардың ісі, қоғам алдындағы зор жауапкершілікті ұмытпаған жөн!

Медицина и экология. Бауыржан Жашиков Муратбекулы

Следите за новостями в соцсетях

Вконтакте MAX Телеграм Одноклассники

А также подписывайтесь на канал Научно-образовательный вестник «Pedproject.Moscow» в MAX